Қаңтардың ортасында әлемдік хоккей жұлдыздары Астанада бас қосады
Құрлықтық хоккей лигасының тұлпарлары «Барыс Аренада» бас қосып, спортсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйламақ. Елімізде мұндай деңгейде шара алғаш рет өткелі отыр.
Хоккей жұлдыздарының байрақты бәсекесін елордалық жанкүйер тағатсыздана күтті. Ел мерейін үстем ететін айтулы шараға санаулы күн қалып отыр. 10 қаңтарда Еуразия мықтылары Астанада бас қосады. Шараға құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Дені әлемге танымал.
Олар 4 командаға іріктеліп, өзара мықтыны анықтамақ. Дүбірлі додада елордалық «Барыстан» үш бірдей ойыншы бақ сынамақ. Команда капитаны Найджел Доус, қорғаушы Кевин Далман мен құрлықтық хоккей лигасы үздіктерінің бірі – шабуылшы Линден Вей. Қазір жігіттер қызу дайындық үстінде.
Линден Вей, «Барыс» ХК шабуылшысы:

– Бұл – біз үшін жауапты ойын. Астана үшін де айтулы мереке дер едім. Өйткені жұлдыздар матчы Қазақстанда алғаш рет өтейін деп отыр. Біздің жанкүйерлер мұндай құрметке әбден лайық. Еуразия құрлығына, тіпті әлемге танымал ең үздік ойыншылар келеді. Сондықтан біз жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысамыз. Өз басым қолдан келгенше барымды саламын.

Жұлдыздарды қабылдауға «Барыс Арена» дайын тұр. Тек техникалық жарақтарды орнату ғана қалып отыр. Айта кету керек, құрлықтық хоккей лигасының жігіттерінен бөлек, жанкүйерлер жұлдызды апталық барысында Әйелдер хоккей лигасы мен Жастар хоккей лигасының да үздіктерімен қауышады. Олар жанкүйерлерге шеберліктерін көрсететін болады.

Арман Нұрымбетов, ұйымдастырушы:

– Мұндай хоккей Қазақстанда болмаған. Бұл – шоу, шеберліктің шыңын көрсететін сайыс. Жанкүйерлер сүйікті ойыншыларын өз көздерімен көре алады. Әрі олардан өнеге алып, үйрене де алады. Біз бұл шараны тағатсыздана күттік. «Барыс Аренаның» құрылысы жоспарланған сәттен бастап, осындай дүбірлі дода өткізуге ниет болған. Арманымыз орындалғалы отыр.

Жұлдызды хоккей апталығы отандық спортты дамытуға серпін берері сөзсіз. Бір мезетте лиганың барлық үздіктерін тоғыстыратын шара әсіресе жас спортшылар үшін маңызды. Шеберлердің сырын біледі, үйренеді, жігерленеді. Бастысы шоуға келген қалың көрермен көңіл көтеріп, ләззат алары анық.