«Барыс» тағы жеңілді

«Барыс» тағы жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында Астананың «Барысы» өз айдынында «Сочи» командасын қабылдап, 2:3 есебімен есе жіберді.

Бірінші кезеңде қос команданың да біраз мүмкіндіктері болғанымен есеп ашылмады. Екінші кезеңде екі команда бір-бір шайбыдан алмасты. Қазақстандықтар тарапынан қорғаушы Валерий Орехов мергендік танытса, қонақтар сапынан Эрик О'Делл есепті теңестірді.

Ал шешуші кезеңде шеберліктерінен ши шыққан «Барыс» командасы қонақтардың екі шайбысына бір нәтижелі соққымен ғана жауап бере алды.

Шайбы: В.Орехов, Л.Вей - О'Делл, П.Падакин, К.Уэллман

 

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или