«Сарыарқа» жеңіліп, «Торпедо» жеңіске жетті
Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық клубтар кезекті кездесулерін өткізіп тастады. Бұл туралы 24.kz жазды.
Қарағандылық «Сарыарқа» өз алаңында «Саров» командасын қабылдап, 3:4 есебімен есе жіберді. Есесіне өскемендік «Торпедо» Пенза қаласының «Дизель» хоккей клубынан басым түсті. Тартысты өткен матчтың негізгі уақыты тең нәтижемен аяқталған. Қосымша уақытта өскемендік клуб сапындағы Александр Шин мергендігімен көзге түсіп, өз командасына 2 ұпай сыйлады.
Осы маусымдағы 37 кездесуден кейін «Сарыарқа» турнир тізімінің 5-сатысында келеді. Ал өскемендік команда 9-орында. Енді жыл соңына дейін қос команда тағы бір ойыннан өткізеді. Алғашқысы Пенза қаласының «Дизелімен» жолықса, «Торпедо» Саров қаласының «Саров» хоккей клубымен ойнайды.