Дамир Рыспаев «Барыстың» қатарына қайта қосылды

Дамир Рыспаев «Барыстың» қатарына қайта қосылды

Астаналық «Барыс» хоккей командасы өздерінің бұрынғы ойыншысы Дамир Рыспаевпен маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойғандарын мәлімдеді.

Қазақстандық хоккейші былтыр тамыз айында қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездесуде мұз айдынында қонақтарды қуалап жүріп сабағаны үшін, ҚХЛ тәртіптік комитеті оның құрлықтық лигаға қатысуына тиым салған болатын. Бірақ, биыл 20 желтоқсан бұл шешім өз күшін жойған еді. Кеше ресми түрде Дәмирдің ҚХЛ-да өнер көрсетуіне рұқсат берілді. Сонымен ол «Барыс» сапына қайтадан оралып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или