Павлодар облысында хоккейшілер мінген автобустар жолда қалды
Шарбақты күре жолында хоккей командалары мінген екі жолаушылар автобусы қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
<span>Павлодар облыстық ТЖД берген мәліметтерге қарағанда, олар Солтүстік Қазақстаннан Павлодарға қарай жолға шыққан. </span>
<span>Жалпы төрт автобуста 107 жолаушы, соның ішінде балалар да бар. Оларға көмекке құм мен тұз тиелген алты арнайы көлік жіберілді. </span>
<span>«Лебяжі ауданының атқарушы билік органдары мен ТЖД күштері алдымен хоккей клубтарының автобустарындағы жолаушыларды тасымалдайды. Автобустар әзірше жолда тұр. Жолаушылар «ГАЗельдермен» тасымалданады. Балалар хоккей клубының 15 спортшысын әкетіп үлгердік», - дейді ТЖД өкілі Асқарбек Омаров.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или