Дамир Рыспаев «Торпедо» командасымен келісімді бұзды
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаев өскемендік «Торпедо» командасымен келісімді бұзды.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">22 жастағы форвард Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуді жалғастыра береді. Айта кетейік, Рыспаев қыркүйек айының соңында «Устинкамен» келісім жасады. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">ҚХЛ өткен жылдың тамызында «Барыс» пен «Куньлун» арасындағы жолдастық матч кезінде қытайлық үш ойыншыны қатарынан шабуылдап, артынан «Куньлун» командасының қосалқы құрамда отырған ойыншыларына тап берген соң Рыспаевты дисквалификациялаған болатын. Кешірек лига оның ҚХЛ құрамында ойынды жалғастыруына рұқсат берді. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Өскемендік «Торпедо» командасы үшін Рыспаев тұрақты чемпионат барысында 7 ойын ойнап, 1 шайба салған болатын.</span>