Полпудников: Қазақстандық жанкүйерлер әрқашан өздерін осылай ұстайды
Ресейлік спортшы Алексей Полпудников қазақстандық Арман Оспановқа қарсы жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.
Мәскеу қаласында өткен Absolute Championship Berkut 77 турнирінде төрешілердің шешімімен Полпудников Оспановты жеңген болатын.
— Жекпе-жектің үш раундқа созылатынын білдім, сол себепті де осыған дайын болдым. Оның шабуылдарына төтеп бердім.
Қазақстандық жанкүйерлер әрқашан өздерін осылай ұстайды. Көптеген балағат сөздер жазады. Мен бұған ештеңе демеймін. Айқайласын - өздерінің құқығы, — деді Полпудников жекпе-жектен соң Octagon Shop арнасына.
<span>Айта кетейік, Мәскеуде өткен АСВ77 турнирінде жерлесіміз Арман Оспанов ресейлік Алексей Полпудниковпен кездесті. Бұл екі спортшы бұған дейін де бір кездесу өткізіп Оспанов жеңіске жеткен. Кездесу жоспарланған үш раундқа жалғасып, ресейлік спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл Арманның спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Ал Алексей Полпудников болса өзінің жиырма бесінші жеңісін тойлап отыр. </span>