Alash Pride Оспанов - Полпудников жекпе-жегінің нәтижесімен келіспейді

Alash Pride Оспанов - Полпудников жекпе-жегінің нәтижесімен келіспейді

<span>Alash Pride FC клубының басшылығы қазақстандық Арман Оспанов (8-2) пен ресейлік Алексей Полпудников (25-4-1) жекпе-жегіндегі төрешілер шешімімен келіспейтінін жеткізді.</span>

<span>«Құрметті, жанкүйерлер! Біздің команда да төрешілер шешімімен келіспейді. Онымен АСВ президенті Маирбек Хасиев те келіспейтінін айтты. Қазіргі уақытта Мәскеудегі біздің басшылық АСВ басшылығымен қазір ғана өткен Арман Оспанов- Алексей Полпудников жекпе-жегіне қатысты сұрау салып жатыр. Нәтижесін кейін хабарлайтын боламыз!</span><span>», - делінген хабарламада.</span>

Айта кетейік, Мәскеуде АСВ77 турнирі өтіп жерлесіміз Арман Оспанов ресейлік Алексей Полпудниковпен кездесті. Бұл екі спортшы бұған дейін де бір кездесу өткізіп Оспанов жеңіске жеткен.Кездесу жоспарланған үш раундқа жалғасып, ресейлік спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.  Бұл Арманның спорттық мансабындағы екінші жеңілісі.  Ал Алексей Полпудников болса өзінің жиырма бесінші жеңісін тойлап отыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или