Қазақстандық хоккей командалары кезекті кездесулерінде жеңіске жетті

Қазақстандық хоккей командалары кезекті кездесулерінде жеңіске жетті

Жоғары хоккей лигасында(ВХЛ) кезекті ойындарын өз алаңдарына қабылдаған қарағандылық «Сарыарқа» мен өскемендік «Торпедо» командалары қарсыластарынан басым түсті.

«Сарыарқа» самаралық ЦСК ВВС командасын 10:3 есебімен ойсырата ұтты. Қарағандылықтар бірінші периодта екі шайба, екінші жиырма минутта жеті шайба, ойынның соңғы бөлегінде бір шайба соқты. Ал қарсыластары үш шайбасын да екінші периодта салды.

Шайба соққанда: Олег Ломако(2), Роман Дюков, Илья Антоновский, Кирилл Тамбиев, Дмитрий Желнеровский(2),

Даниил Ердаков(2), Станислав Альшевский.

Қарсыластар тарапынан үш шайбаны Сулейменов, Патрикеев және Семенов соқты.

Ал «Торпедо» Қазаннан қонаққа келген «Барсты» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Қос шайбаны Тэннер Соренсон мен Роман Бердников өз еншілеріне жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или