«Барыстың» қақпашысы Карлссон: Қазақстан азаматтығын алуым әбден мүмкін
Астаналық «Барыс» хоккей клубының швециялық қақпашысы Хенрик Карлссон Қазақстан азаматтығын алу жөнінде пікірін білдірді.
«Алда не болатынын көре жатармыз. Қазіргі уақытта менің бар ойым «Барыста». Командаммен бірге плей-оффқа шықсам деймін. Көре жатармыз. Бірақ азаматтығымды ауыстыруым әбден мүмкін», — деп келтіреді Хенрик Карлссонның сөзін rsport.ru сайты.
Айта кетейік, 34 жастағы швециялық қақпашы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіріп, құжаттарын тапсырып та үлгірген. Егер бәрі орынымен бітіп жатса Хенрикті Қазақстан құрамасының сапынан да көріп қалуымыз мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или