«Барыстықтар» қалай жаттығады? Фоторепортаж

«Барыстықтар» қалай жаттығады? Фоторепортаж

18 жыл бұрын «Барыс хоккей клубы қалыптасқан еді. Осы уақыт аралығында астаналық клуб өзінің жоғары нәтижесін көрсетіп, қазақстандық хоккейдің бетке ұстар визитті карточкасына айналды. Елорда әкімдігі медиа орталығының тілшілері команданың жаттығып жатқан жеріне барып, «барыстықтардың» матчқа қалай дайындалатынын көздерімен көріп қайтты.   

<span>2015 жылы жазда астанада «Барыс Арена» ультразаманауи мұз сарайы ашылған болатын. Мұндағы дайындық барысы тиімді болып, команданы жаңа жеңістерге жетеледі. Клубтың баспасөз қызметінің басшысы Евгений Акмановтың айтуынша, «Барыс-Аренада» сапалы дайындық үшін мұздың үстінде де, жаттығу залында да барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, мұз сарайында спортшылардың қалпына келуі үшін өте ыңғайлы жабдықтармен жасақталған. Әсіресе жауапты матч алдында бұл маңызды бола түспек.   </span>

Мұз айдынына «Барыс» клубының бас жаттықтырушысы Евгений Корешков пен ойыншылар шығып, жүз пайыз дайындыққа кірісті. Аздап шираған соң, жаттығудың негізгі бөлігі басталды. 

Көрермендер мұз бетіндегі спортшылардың динамикасы мен жоғары жылдамдығын көреді. Хоккейшінің жалпы киім салмағы 17 келі, ал голкиперлер Сергей Кудрявцев пен Хенрик Карлссонның қосымша қорғаныш киімдері тіпті ауыр. Хоккейдің кейбір фанаттары ойыншылардың амунициясын рыцардың сауыт-сайманына ұқсатады. 

Матч кезіндегі төбелеске регламент бойынша ақшалай айыппұл салады, кейде жарыстан да шығарып тастайды. Жаттығу кезінде немесе спорттық комбинация кезінде хоккейшілер күш көрсетіп агрессия танытып жатады, бірақ оның бәрі де сол сырғанақтың маңайында қалады. Команда ойыншылары өзара өте тату-тәтті және көбісі отбасыларымен араласады.   

Жаттығу барысында «барыстықтар» мұзда түрлі-түсті формамен келе береді. «Жасылдар» «Сұрға» қарсы, ал «Сарылар» «Көкке» қарсы ойнайды. Ойыншылар жаттықтырушының ысқырығынан кейін ауысады, яғни мини-команда бір-бірін тез-тез алмастыра қояды. Бүгін залда ешқандай көрермендер жоқ болса да, хоккейшілердің өздері жақтасып жанкүйер болып жатады.  

Евгений Акмановтың айтуынша, хоккейшілердің жұмыс кестесі матчқа қатысу, жаттығу және спорттық режимнің қаталдығына байланысты өте тығыз. Бос уақытында әрбір хоккейші өзгелер сияқты сауда-ойын сауық орталықтарына, киноға, балық аулауға барады. Жігіттердің кейбірі демалыс кезінде туған жеріне де барып қайтады. Көптеген қазақстандық ойыншылар үшін Өскемен, Қарағанды, Теміртау – отандық хоккейшілерді өсіретін болашақ «кадрлер» қаласы. Ал Канададан келген легионерлерді біздегі аяз қорқыта қоймайды. Себебі, Торонто жергілікті жерге ұқсас. Евгений Акманов бірде команда капитаны Найджел Доустың ойыннан кейін номеріне кіріп көреді. Евгений бөлменің салқын екенін байқайды. Бірақ, Найджел оған бөлменің температурасы қалыпты екенін айтқан. 

Ойыншылардың 70% – қазақстандық спортшылар, қалғаны шетелдік хоккейшілер. Олардың арасында Қазақстан азаматтығын қабылдаған екі азамат бар, олар Кевин Даллмэн және команда капитаны Найджел Доус. Хоккейді сүйіп тамашалаушылар үшін бұл екі ойыншы тірі аңызға айналып кеткен. Қаңтарда олар ең үздік нәтижесі үшін ойыншыларды іріктейтін КХЛ жұлдыздарының матчына қатысады. 

<span>10 қаңтар 2018 жылы хоккей жұлдыздарының апталығы басталады, оның аясында ЖХЛ жұлдыздарының матчы, МХЛ кубогы мен КХЛ жұлдыздарының матчы және шеберлік шоуы да болады. Қазақстанның астанасы осынау басты хоккей шоуын өткізу мәртебесін жеңіп алды. Астана алғаш рет ең беделді КХЛ форумын өткізбек, оған шоқтығы биік хоккейшілер қатысады.</span>

 

Ұйымдастырушылар қаланың тұрғындары мен қонақтарын хоккейдің ұмытылмастай боларлық нағыз көзтартар қызықты ойыны мен жұлдызды шоуы күтіп тұрғанына сенімді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или