Қазақстан жастар құрамасы төртінші жеңісіне қол жеткізді
Хоккейден Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионаты бірінші дивизионының «А» тобында төртінші матчын өткізді.
Қазақстандық хоккейшілер австриялық құрдастарын 3:2 есебімен жеңді.
Турнирдегі төрт турдан соң 10 ұпай жинаған Германия көш бастап келеді. Екінші орындағы Қазақстанда да осынша ұпай бар, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша қалып тұр. Латвия 9 ұпаймен үшінші орында. Кейінгі сатыларда Франция, Венгрия, Австрия келеді.
Енді соңғы турда Қазақстан француздармен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или