Қазақстан U-20 әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан U-20 әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді

Сергей Старыгин шәкірттері біріншілік аясында алғашқы рет негізгі уақытта жеңіске жетті.

2017 жылғы хокейден жастар арасындағы әлем чемпионтаныда А тобында өнер көрсететін 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы І дивизионда өзінің үшінші кездесуін жеңіспен аяқтап, Венгрия құрамасын тізе бүктірді, деп хабарлайды.

13 желтоқсан күні өткен кездесу 5:3 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Бірінші болып Венгрия құрамасы сан басымдылығын пайдаланып, Кристоф Папптың жеке шеберлігімен ойынның 8 минутында есеп ашты. Алайда қазақстандықтар үзіліске дейін есепті теңестіріп қана қоймай, алға шығып үлгерді. Алдымен оныншы минутта Саян Данияр көзге түссе, араға жеті минут салып, Артур Гатитятов қақпаны дәл көздеді.

Екінші кезеңде Сергей Старыгин баптайтын хоккейшілер қарсылас ойыншының алаңнан қуылуын пайдаланып, есепті еселей түсті. Бұл жолы шайбаны ойынның 26 минутында Виталий Орехов өз есебіне жазды.

Венгрия құрамасы соңғы кезеңдегі 5 минут ішінде 2 шайба соғып есепті теңестірді.

Алайда матчтың аяқталуына 5 минут қалғанда Әділ Бекетаев Қазақстан құрамасын алға шығарды (4:3) және Никита Назаренко ойынның 58 минутында ашық қалған қақпаға шайба соғып, матчтың нүктесін қойды (5:3).

Айта кетейік Жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші матчында Қазақстан құрамасы овертаймда 3:2 есебімен Германияны, содан кейін буллиттер сериясында 3:2 есебімен Латвияны жеңген болатын.

15-желтоқсан күні Қазақстан құрамасы әлі ұпай алмаған Австрия құрамасымен кездеседі.

А тобының ойындары Францияның Куршевел қаласында өтіп жатыр. Турнирге Франция, Қазақстан, Германия, Латвия, Венгрия және Австрия құрамалары қатысуда.

I дивизионның А тобы, жастар арасындағы халықаралық дәрежедегі екінші деңгейлі топқа жатады. А тобында үздік шыққан құрама элит дивизионына тікелей жолдамаға ие болады.
Соңғы рет Қазақстан жастар құрамасы элит дивизионда 2009 жылы өнер көсеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или