Станимир Стоилов: «Астанадан» кетуім керек

Станимир Стоилов: «Астанадан» кетуім керек
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» клубының бас бапкері Станимир Стоилов Еуропа лигасындағы «Спортингке» қарсы өтетін ойын туралы ойымен бөлісті.

Еуропа лигасы 1/16 финалының бірінші кездесуі 15 ақпан күні Қазақстанның астанасында өтсе, екінші кездесу бір аптадан кейін, яғни 22 ақпан күні Лиссабонда өтеді.

Стойловтың «Астананың» басты проблеммасы - ойын практикасының аздығы болады екен.

«Спортинг» үшін жеребе жақсы түсті. Өйткені, ол фоварит. Бірақ біздің де команда осал емес. Өзін жақсы қырынан көрсете алады», - дейді Стоилов.

«Астананың» болгариялық маманы желтоқсанда кетуі мүмкін екенін де айтты.

«Болжамдар әртүрлі. «Астанада» қаламын ба, жоқ па - кейін шешемін. 100 пайыз сенімді емеспін. Бірақ мен кетуім керек», - деді бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер