«Барыс» ЦСКА командасынан ұтылды

«Барыс» ЦСКА командасынан ұтылды

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойынын Мәскеуде ЦСКА командасымен өткізіп, 1:4 есебімен ұтылды.

ЦСКА (Мәскеу) - «Барыс» (Астана) 4:1 (2:1, 1:0, 1:0)

1:0 - Окулов (Шумаков, Шалунов) - 5:06
1:1 - Маклюков (Райт, Старченко) - 6:13
2:1 - Шалунов (Шумаков, Блажиевский) - 7:14
3:1 - Ничушкин (Робинсон, Киселевич) - 34:58 ГБ
4:1 - Шумаков (Окулов, Шалунов) - 49:48

Қақпашылар: Сорокин - Карлссон

Естеріңізге салайық, «Барыс»  соңғы он ойынның тоғызында жеңіліске ұшырап, күні бүгін Евгений Корешковтың шәкірттері 60 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші сатыға сырғыды. Плей-офф бәсекелеріне әр конференциядан бастапқы сегіз команданың шыға алатынын ескерсек, «Барысқа» енді ширамаса, жолдаманың ауылы алыстап кетуі әбден ықтимал.

Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 18 желтоқсан күні Братиславада Батыс конференциясында соңғы орындардың бірінде келе жатқан жергілікті «Слован» командасымен өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или