«Барыс» пен «Трактор» хоккейшілері матч кезінде жаппай төбелесті
Астаналық «Барыс» және Челябинсктің «Трактор» хоккей командалараның ойыншылары матч кезінде жаппай төбелесіп кетті.
Оқиға ҚХЛ матчында орын алған. Матчтың жетінші минутында «Барыс» командасының шабуылшысы Артем Лихотниковқа күш көрсетілгеннен кейін, қос команда ойыншылары жұдырықтаса жөнелген.
Командалар арасындағы қақтығыстың арты үлкен төбелеске ұласа жаздаған. Бірақ төрешілер араша түсіпті.
Мұнан кейін астаналық команданың ойыншысы Джордон Сауторн мен Челябинск командасының ойыншысы Данил Мамаев 4 минутқа ойыннан шығарылды.
Артему Лихотниковқа ойын алаңынан кету үшін көмек қажет болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или