ҚХЛ-2018. Жұлдыздар матчы: журналистер 12 ойыншыны таңдады
БАҚ өкілдерінің КХЛ Жұлдыздар матч құрама командасын жасақтауға дауыс беруі аяқталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.
4 желтоқсан күні КХЛ-2018 Жұлдыздар матчы турнирінің Бобров, Тарасов, Харламов және Чернышев команда дивизиондарына ойыншыларды таңдау бойынша журналистердің дауыс беруі аяқталды.
Журналистер өз таңдауларын жасады, олар әрбір дивизионның 1 шабуылдаушысын, 1 қорғаушысын және қақпашысын анықтады. БАҚ өкілдері КХЛ-дың 11 түрлі клубынан 12 ойыншыны таңдады. Сіздердің назарларыңызға дауыс берудің жеңімпаздарын және әр дивизионның құрамына кірген ойыншыларды ұсынамыз.
|
Қақпашылар |
Қорғаушылар |
Шабуылдаушылар |
|
|
Бобров дивизионы |
Заполски («Йокерит») – 27 Шестеркин (СКА) – 14 Энрот («Динамо» Минск) – 12 |
Херсли (СКА) – 22 Лепистё («Йокерит») – 16 Гилрой («Йокерит») – 7 |
Гусев (СКА) – 12 Дацюк (СКА) – 11 Хохлачёв («Спартак») – 11 |
|
Тарасов дивизионы |
Гудачек («Северсталь») – 22 Сорокин (ЦСКА) – 21 Еременко («Динамо») – 10 |
Мозик («Витязь») – 13 Никулин («Динамо») – 8 Накладал («Локомотив») – 6 |
Падакин (ХК «Сочи») – 13 Афиногенов («Витязь») – 8 Шалунов (ЦСКА) – 6 |
|
Харламов дивизионы |
Гарипов («Ак Барс») – 24 Ежов («Нефтехимик) – 13 Коварж («Автомобилист») – 13 |
Трямкин («Автомобилист») – 33 Пиганович («Нефтехимик») – 13 Бэйлен («Трактор») – 5 |
Секстон («Нефтехимик») – 17 Голышев («Автомобилист») – 12 Щехура («Трактор») – 7 |
|
Чернышев дивизионы |
Красиков («Сибирь») – 17 Фурх («Авангард») – 16 Метсола («Амур») – 9 |
Медведев («Авангард») – 19 Диц («Барыс») – 11 Воробей («Куньлунь») – 9 |
Бывальцев («Амур») – 14 Вей («Барыс») – 13 Ткачёв («Адмирал») – 8 |
Естеріңізге сала кетейік, КХЛ-2018 Жұлдыздар матчының алғашқы 16 ойыншысын дауыс беру арқылы жанкүйерлер таңдаған болатын. Жұлдызды құрамаларды жасақтауда соңғы сөзді КХЛ департаменті айтатын болады.
КХЛ-2018 Жұлдыздар матчы турниріне билеттерді ресми сайттан және «Барыс Арена» СК-нің кассаларынан сатып алуға болады.