«Барыс» «Локомотивтен» ірі есеппен ұтылды

«Барыс» «Локомотивтен» ірі есеппен ұтылды

ҚХЛ аясындағы «Локомотив» - «Барыс» матчы айдын иелерінің жеңісімен аяқталды – 5:0.

Жеңімпаздар сапында Даниил Апальков дубль жасады. Сондай-ақ, Брэндон Козун, Егор Аверин және Егор Фатеев бір реттен қанжығаларын майлады.

Осылайша, «Локомотив» 64 ұпай жинап, Батыс аймағында төртінші орында келеді. Ал «Барыс» 58 ұпаймен Шығыста бесінші сатыда тұр. Елордалық клуб қатарынан алтыншы матчта жеңіліп қалды.

ҚХЛ. Тұрақты чемпионат

«Локомотив» (Ярославль) – «Барыс» (Астана) 5:0 (3:0, 2:0, 0:0)

Шайбалар:
1:0 – Козун (Накладал, Тальбо) – 01:09
2:0 – Аверин (Локтионов) – 02:43
3:0 – Фатеев (Каюмов) – 14:27
4:0 – Апальков (Елесин, Коршков) – 20:57
5:0 – Апальков (Красковский, Коршков) – 23:22

Қақпашылар: Судницын (00:00-60:00) – Карлссон (00:00-14:27), Кудрявцев (14:27-60:00)

29 қараша. Ярославль. «Арена-2000-Локомотив». 8000 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или