«Сарыарқа» хоккей клубына жаңа бапкер келді

«Сарыарқа» хоккей клубына жаңа бапкер келді

«Сарыарқаның» бас бапкері Александр Соколов өзінің қызметінен кетті. 

Ол туралы мәлімет хоккей клубының ресми сайтында жарияланды. Маманмен жасалған келісімшарт екі жақтың өзара мәмілесімен үзілді. 

Қарағандылық ұжымның бас бапкері лауазымына Соколовтың бапкерлік штабына кірген Дмитрий Крамаренко тағайындалды. 

Естеріңізге сала кетейік, Александр Соколов «Сарыарқаны» маусым аралығында басқарған болатын. Қазіргі таңда, ЖХЛ 22 матчтен кейін қарағандылық команда активінде 39 ұпай жинап, турнирлік кестенің 7-ші орнына орналасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или