«Алматы» «Горнякты» тас-талқан етті

«Алматы» «Горнякты» тас-талқан етті

Halyk Arena мұз айдынында «Алматы» хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында «Горняк» клубын қабылдады, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. 

Ел біріншілігі аясындағы матчтардың бірінші күні алматылықтар үшін сәтті өтті. Кездесуді алаң қожайындары сенімді бастап, қарсыластарға бірде-бір шайба соғуға мүмкіндік берген жоқ. Алматылық ұжым «Горняк» командасының қақпасына төрт шайба соқты. Ал қонақтар өз кезегінде ойынның соңына дейін есепті теңестіруге тырысқанымен, нәтиже шықпады. Кездесу 4:0 есебімен алматылықтардың жеңісімен мәресіне жетті.

- Менің ойымша, екі ойын да сәтті өтті. Біз қарсыластарымызды үлкен ұпай айырмасымен жеңгенімізге қуаныштымыз. Әрине, үйде, өз алаңында ойнау жеңілірек. Біз жанкүйерлеріміздің қолдауын сездік, олар бізге күш-қуат береді. Біздің ойындарымызды тамашалауға келетін көрерменге алғысымызды білдіреміз, - деп атап өтті "Алматы" ХК xоккейші Максим Рыбалко.

Екінші матчтың алғашқы сәттерінен алаң қожайындары басымдық танытып, алға озды. Кейінгі кезеңдер тепе-тең өткенімен, үшінші кезеңде алматылықтар бір ұпай айырмасымен жеңіске жетті, есеп 4:3.

Осылайша, «Алматы» командасы екі кездесуде басымдық танытып, «Горняк» хоккейшілерін екі рет тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или