Доус – қазанның үздік шабуылшысы

Доус – қазанның үздік шабуылшысы

Құрлықтық хоккей лигасының арнайы комиссиясы өткен айдың үздіктерін анықтады.

Түрлі статистикалық және сараптамалық көрсеткіштерге сүйенген олар үздік шабуылшы деп «Барыс» хоккейшісі Найджел Доусты таңдаған. Ол өткен айдың тоғыз матчында 10 шайба салды. Бұл лигадағы үздік көрсеткіш саналады. Сондай-ақ, ол төрт нәтижелі пас берген.

Доус төрт дубль авторы атанды және ол төрт рет жеңіс голын соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или