Қазандық «Барс» ҚР Әнұраны уақытында қойылмағаны үшін кешірім сұрады
Жоғары хоккей лигасындағы «Барс» (Қазан) – «Сарыарқа» (Қарағанды) матчында техникалық ақау болғаны үшін, татарстандық клуб қарағандылықтардан кешірім сұрады.
Бұл туралы «Барстың» ресми сайтында жазылған.
Ойынның алдында техникалық ақау болып, Қазақстан Республикасының әнұраны Ресей мен Татарстанның гимндерінен кейін орындалған.
Осы жайтқа байланысты «Барс» ХК «Сарыарқа» мен Қазақстан және Ресейдің хоккей жанкүйерлерінен кешірім сұрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или