Жанкүйер денсаулығына ең зиян спорт түрі анықталды

Жанкүйер денсаулығына ең зиян спорт түрі анықталды

Хоккейді стадионда немесе теледидардан көрген адамдардың жүрек қағысы екі есе жиілейді екен. Ал бұл инфаркт пен басқа да жүрек ауруларына апаруы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz

Ғалымдар хоккейдің жүрек ауруларына себепші болатынын Ұлттық хоккей лигасы командасы жанкүйерлерінің денсаулығын бақылау нәтижесінде анықтады.

 

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, хоккейді адам денсаулығына ең қауіпті спорт түрі ретінде атауға болады: үйдегі «фанаттарда» жүрек қағысының жиілігі ойын кезінде 75-80%-ға артса, стадиондағы жанкүйерлерде екі есеге жиілеген. Яғни, матч көрген жанкүйерлердің жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін салмақ ауыр қол еңбегімен айналысқан кездегі салмақпен тең болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или