«Барыс» «Нефтехимикті» ұтты

«Барыс»  «Нефтехимикті» ұтты

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті кездесуінде Астананың «Барысы» Нижнекамск қаласында жергілікті «Нефтехимик» командасымен кездесті.

Бұл ойында «Барыс» командасына қиынға түссе де, жерлестеріміз 3:0 есебімен жеңіске жетіп, Шығыс конференциясында 28 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын 4 қазан, сәрсенбі күні Минскіде жергілікті «Динамо» командасымен өткізеді. «Динамо» небәрі 17 ұпаймен Батыс конференциясында 16-орында келеді.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или