Канадалық хоккейші «Барысқа» ауыспақ

Канадалық хоккейші «Барысқа» ауыспақ

Канадалық қорғаушы Джордон Сауторн елордалық «Барысқа» ауысады.

Шайба.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, хоккейші Астанаға келе жатыр. Осы маусымды 27 жастағы хоккейші өскемендік «Торпедо» сапында бастап, 6 матч өткізген. Былтыр ЖХЛ тұрақты чемпионатында 47 матч, плэй-офф кезеңінде 21 ойын өткізген.

Бұған дейін  Сауторн Америка хоккей лигасы мен Шығыс жағалауының хоккей лигасында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или