«Барыс» «Локомотивті» ойсырата ұтты

«Барыс» «Локомотивті» ойсырата ұтты

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында Астананың «Барысы» өз айдынында Ярославльдың «Локомотив» командасын қабылдап, 6:1 есебімен жеңіске жетті.<br /><br />«Локомотив» осыған дейін 26 ұпаймен ҚХЛ-дың Батыс конференциясында көш бастап келе жатқан командалардың бірі-тұғын. Мұның алдында «Барыс-Аренадағы» бес матчының төртеуінде ұтылып, көп ұпай жоғалтқан . Ал осы жеңістен соң елордалықтар 25 ұпаймен Шығыс конференциясында бесінші орынға көтерілді. «Барыс» келесі алты ойынын сырт айдындарда өткізеді, бұл оңайға соқпасы анық. Бұл сериядағы алғашқы «шайқас» 30 қыркүйек күні Челябі қаласында Шығыс конференциясында 17 ұпаймен оныншы сатыда келе жатқан жергілікті «Трактор» командасымен болмақ.  

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или