«Барыс» өз айдынында Петерборлық СКА командасынан ұтылды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті кездесуінде Астананың «Барысы» өз айдынында Петерборлық СКА командасынан ұтылды.
СКА биылғы маусымда жеңілістің дәмін татпаған, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келе жатқан команда. Бұл ойында да олар айқын басымдылығын көрсете білді. Нәтижесінде, кездесу 1:4 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Евгений Корешковтың шәкірттері келесі ойынын 27 қыркүйек күні өз айдынында Батыс конференциясында үшінші орында келе жатқан «Локомотив» (Ярославль) командасымен өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или