Ардақ Назаров: Арман, бауырым, біз сенімен біргеміз
Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Алматы қаласында өткен АСВ 69 «Young eagles 22» халықаралық турнирінде жеңіліс тапқан Арман «Сұңқар» Оспановқа қолдау көрсетті.
<span>- Арман - Қазақтың батыры. Ол осы уақытқа дейін Əлемдік ареналарда елімізге көптеген жеңістер сыйлаған нағыз азамат. Денсаулығының сыр беруіне қарамастан кешегі жарысқа шығуы үлкен ерлік, жігіттік. Арман, бауырым, біз сенімен біргеміз. Сенің жеңістерің əлі алда. Тезірек жазылып шық. Бəрі жақсы болады. Алла қаласа, алдағы уақытта сенің талай жеңістеріңнің куəсі боламыз, - деп жазды Ардақ Назаров Instgram парақшасында.</span>
Айта кетейік, АСВ 69 «Young eagles 22» халықаралық турнирінде «Сұңқар» бразилиялық Тьяго Луис Силвадан жеңіліп қалды. Арман Оспанов бұған дейін ережесіз жекпе-жекте 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Тьяго Луис Сильва 12 жекпе-жегінде қарсыласынан басым түссе, бесеуінде жеңіліс тапқан. Бұл Арманның алғашқы жеңілісі болды.
<span>Спорт кешеніне келген жанкүйерлер жекпе-жек алдында Арман Оспановтың аяғында жарақаты бар екенін бірден аңғарды. Дегенмен Арманның аяғындағы жарақатынан бөлек оның қолына ота жасалған екен. Бұл туралы кездесуден соң «Сұңқар» өнер көрсететін «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауов </span>ProSports<span> </span><span>тілшісіне берген сұхбатында айтты.</span>