«Құпия» ақпарат
Бокс/Күрес/ММА

Оспанов жекпе-жек алдында ауыр операция көтерген

Оспанов жекпе-жек алдында ауыр операция көтерген
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласында өткен АСВ 69 «Young eagles 22» халықаралық турнирінде Арман «Сұңқар» Оспанов бразилиялық Тьяго Луис Силвадан жеңіліп қалды.

Жекпе-жектің екінші кезеңінде бразилиялық файтер Тьяго Луис Арман Оспановты қылқындыру әдісімен жеңіп кетті. Спорт кешеніне келген жанкүйерлер жекпе-жек алдында Арман Оспановтың аяғында жарақаты бар екенін бірден аңғарды. Дегенмен Арманның аяғындағы жарақатынан бөлек оның қолына ота жасалған екен. Бұл туралы кездесуден соң «Сұңқар» өнер көрсететін «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауов ProSports тілшісіне берген сұхбатында айтты.

- Жалпы Арманның дайындығы жақсы болды. Дағыстанда жүргенде оң қолына сыздауық шығыпты. Жекпе-жекке он күнде қалғанда Алматы қаласынағы Таулы Қырат ауданындағы емханада қолын ота жасаттық. Бір жұма сол жерде жатып, ем-домын қабылдады. Антибиотиктер қабылдағаннан соң әлсіздік болды.

Жекпе-жекті кейінге шегеру мүмкін емес еді. Қаншама халық билет алып, күтіп, бізге үміт артты. Дегенмен Тьяго Силваны бағалауға болмайды. 17 жекпе-жекте жеңіске жетті.

Қателік бізден кетті. Алдағы уақытта мұндай жарақатпен сегізбұрышқа спортшыларымыз шықпайды. Осыған көзіміз жетті. Біз Арманға сеніп алғанбыз. Тәжірибенің арқасында жеңеді деп үміттендік. Бірақ ауырды деу сылтау емес. Жеңілістің аты жеңіліс.

Енді тағы біраз еңбектену қажет. Алдағы уақытта АСВ ұйымымен келіссөздер жүргізіп, қарымта жекпе-жек өткізуге тырысамын. Сол кезде Арман елдің үмітін ақтайды деп ойлаймын, - деді «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауов ProSports тілшісіне.

Айта кетейік, Арман Оспанов бұған дейін ережесіз жекпе-жекте 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Тьяго Луис Сильва 12 жекпе-жегінде қарсыласынан басым түссе, бесеуінде жеңіліс тапқан. Бұл Арманның алғашқы жеңілісі болды.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер