«Сұңқардың» сынған қанаты (фото)
Алматы қаласында өткен АСВ 69 «Young eagles 22» халықаралық турнирінде Арман «Сұңқар» Оспанов бразилиялық Тьяго Луис Силвадан жеңіліп қалды.
Жекпе-жектің екінші кезеңінде бразилиялық файтер Тьяго Луис Арман Оспановты қылқындыру әдісімен жеңіп кетті. Спорт кешеніне келген жанкүйерлер жекпе-жек алдында Арман Оспановтың аяғында жарақаты бар екенін бірден аңғарды. Дегенмен Арманның аяғындағы жарақатынан бөлек оның қолына ота жасалған екен. Бұл туралы кездесуден соң «Сұңқар» өнер көрсететін «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауов<span> </span>ProSports<span> </span>тілшісіне берген сұхбатында айттып берген еді. Ал оған дәлел ретінде желіде Арманның кездесуге он күн қалғанда отадан кейінгі суреті пайда болды.


Айта кетейік, Арман Оспанов бұған дейін ережесіз жекпе-жекте 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Тьяго Луис Сильва 12 жекпе-жегінде қарсыласынан басым түссе, бесеуінде жеңіліс тапқан. Бұл Арманның алғашқы жеңілісі болды.