Хенрик Карлссон: Бабымызға келгенше сәл уақыт қажет

Хенрик Карлссон: Бабымызға келгенше сәл уақыт қажет

Елордалық «Барыс» хоккей клубының қақпашысы Хенрик Карлссон жанкүйерлеріне алғысын айтты, деп жазады «Чемпионат» сайты.

«Жеңіске жетіп, әрі қақпамызды құрғақ сақтасақ, плей-оффқа міндетті түрде өтеміз дегенді білдірмейді. Ырымға сене бермеймін. Спортта ондайға жол жоқ. Былай айтайын: жеңіске жеткеніміз және қақпамызды құрғақ сақтағанымыз бізге қосымша күш береді. <br />Жанкүйерлерімізге қолдауларына алғыысымды айтқым келеді. Осындай спорт кешенінде және осындай атмосферада өнер көрсетудің өзі бір ғанибет. Алдағы уақытта да осылай бола береді деген үміттемін. Бабымызға келгенше сәл уақыт қажет. Одан кейін барынша көп үұпай жинау қажет», - дейді Карлссон.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или