Футбол

Кахабер Цхададзе «Қайраттан» кетті

Кахабер Цхададзе «Қайраттан» кетті
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе қызметінен кетті. Бұл туралы қазақстандық басылымдар хабарлады.

Кешегі жеңілісінен соң Цхададзенің өзі басшылыққа жұмыстан кету жөнінде арыз қалдырған көрінеді. Ал клуб басшылығы бапкердің арызын қанағаттандырған.

Алматылық команданың тізгінін енді кімнің ұстайтыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге салсақ, «Қайрат» Еуропа лигасының екінші әрәктеу кезеңінде албаниялық «Скандербеу» командасына жол беріп, жарыстан шығып қалған болатын.

Ішкі біріншілікте де алматылық команданың жағдайы мәз емес. Басты қарсыласы «Астана» «Қайраттан» сегіз ұпай озып тұр. Дегенмен алматылық ұжым «Астанаға» қарағанда бір ойын кем өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер