Футбол

«Қайрат» қаһарын көрсетті

«Қайрат» қаһарын көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Алматының «Қайраты» еурододаға кезекті жорығын бастады. Бұл жолғы бірінші қарсылас – литвалық «Атлантас» командасы.

Кахабер Цхададзенің командасы алғашқы минуттан қарсыласының қақпасын торуылдады. Дегенмен бастапқы уақытта литвалық қонақтар «Қайрат» футболшыларының жойқын шабуылдарынна төтеп бере алды. Тек ойынның 21-ші минутында «Атлантас» қорғаушыларының қателігенен соң әріптесі Михаил Бакаевтан пас алған Жерар Гоу есепті ашты.

Арада бес минут өткенде литвалық ойыншылар алаң иелеріне қарсы тәртіп бұзған. Төреші белгілеген 11-метрлік айыпдобын Андрей Аршавин сәтті орындады.

31-ші минутта Жерар Гоу қарсылас қорғаушыларынан сытылып өтіп Иво Иличевичке пас асырған. Алаңға тыңнан қосылған 20-шы нөмірлі футболшы бос қақпаны дәл көздеп, есептегі айырманы үш допқа дейін жеткізді.

Алғашқы таймның аяқталуына бірер минут қалғанда «Қайрат» футболшылары қарсыластың айып алаңындағы қарбаласты сәтті пайдаланды. Исламбек Қуаттан пас алған Андрей Аршавин Микеленис қорғаған қақпаға екінші голын соқты.

Екінші таймды алаң иелері қарқынды бастады. Алғашқы шабуылдан-ақ қарсылас қорғаушыларын қателік жасауға мәжбүрледі. 48-ші минутта ойынның бас төрешісі «Атлантастың» қақпасына екінші пенальтиді белгіледі. Нүктеге келген Жерар Гоу мүлт кетпеді .

Кездесудің 61-ші минутында «Қайраттың» ойыншысы Иво Иличевич екінші голын соққан. Алайда қапталда тұрған төреші жалаушасын көрсетіп, футболшының ойыннан тыс қалғанын көрсетті. Дегенмен араға он минут салып Иво дубль авторы атанды. Айып алаңының сыртынан жасаған соққысы қақпаның алыс бұрышына дәл түсті.

Кахабер Цхададзенің командасы келесі кезеңнің жолдама мәселесін шешіп тастады. Түздегі ойын тура бір аптадан соң Литва жерінде өтеді.

Еуропа Лигасының алғашқы кезеңінде өзге екі қазақстандық команда бақ сынауда. Керекудің «Ертісі» өз алаңында болгарлық «Дунав» командасынан айласын асырды. Ал шымкенттік «Ордабасы» түзде «Широки Бриегпен» күш сынасады.

Еуропа лигасы. Алғашқы іріктеу кезеңі

«Қайрат» (Қайрат) - «Атлантас» (Литва) 6:0

Голдар: Гоу 21’ (1:0), Аршавин 26’ (2:0 пенальтиден), Иличевич 31’ (3:0), Аршавин 41’ (4:0), Гоу 49’ (5:0), Иличевич 73’ (6:0)

«Қайрат»: Плотников, Сүйімбаев, Арзо, Элек, Вороговский, Бакаев, Қуат, Аршавин (К) (Тұрысбек 66’), Барбоза, Жуков (Иличевич 30’), Гоу.

«Атлантас»: Микеленис, Гашпуйтис, Верещак, Казлаускас, Шимкус, Бенета (К), Разюнас, Чофу, Андроник, Жарскис, Лабукас.

29.06.2017 жыл. Алматы қаласы. Орталық стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер