Ой қорыту
Футбол

Еуропа лигасы. «Атлантас» «Қайратқа» төтеп бере ме?

Еуропа лигасы. «Атлантас»  «Қайратқа» төтеп бере ме?
news-banner7
mobile-news-top

Кахабер Цхададзе баптайтын «Қайрат» командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне үшінші жыл қатарынан шығуды көздейді. Ағымдағы жылы алматылық ұжымның еурододағы алғашқы қарсыласы Литваның «Атлантас» клубы болмақ.

Толық аты: Futbolo Klubas «Atlantas» Klaipėda

Орналасқан жері: Литва, Клайпеда қаласы

Құрылған жылы: 1962

Стадионы: Клайпеда орталық стадионы

Сыйымдылығы: 4 940

УЕФА рейтингісі: 391

Президенті: Ромуалдас Йонайтис

Лига: Литваның А Лигасы

Тарих

«Атлантас» командасының тарихы тереңде жатыр. 1962 жылы «Гранитас» атымен құрылған ұжым КСРО біріншілігінде өнер көрсетті. «Атлантас» атына 1970 жылы ауысты. Ойындарын Литваның Клайпеда қаласындағы 5 мың жуық көрерменге арналған орталық стадионда өткізеді. 55 жылдық тарихы бар команданың ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері жоқ. Литва біріншілігінің 6 мәрте жүлдегері атанғанымен, чемпиондық тәжді жеңіп көрмеген. 2001-2002 жылдары қатарынан екі рет Литва Кубогын иемденіпті.

Еуропаға жорық

2000-2005 жылдары аралығында Интертото Кубогы мен Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндеріне қатысқан. Алайда, барлығында алғашқы айналымнан кері қайтты. Тек он жылдық үзілістен соң 2014/15 жылғы маусымда еурододаға қайта оралады. Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Люксембургтың «Диффердандж» командасынан басым түсіп, екінші айналымда қарғандылық «Шахтерге» қарсылас атанады. Виктор Кумыков баптаған «кеншілер» литвалықтарды екі ойынның қорытындысы бойынша ұтып, келесі кезеңге жолдама алған. Былтырғы маусымда жеребе Финляндияның ХИК командасына қарсылас қылады. Өз алаңында қақпасына екі доп жібергенімен, түзде қарымды қарсыласқа тойтарыс бере алды. Ал Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысып көрмеген.

Құны

«Атлантастың» жалпы құны - 3 миллион 310 мың еуроны құрайды. Команданың ең қымбат футболшысы - 32 жастағы Линас Пилибайтис. transfermarkt.de сайтының мәліметінше, оның құны 300 мың еуроға жуық.

Құрамы

Литвалық команданың орта жасы - 23,8. 33 жастағы Тадас Лабукас ардагер футболшы болса, ең жасы - Рокас Филипавичус. Құрамның үштен бір бөлігі шетелдік футболшылар. Маркас Бенета Литва Ұлттық құрамасының сапында тұрақты шақырту алады.

Мүмкіндік

Қазақстандық футболсүйер қауымға «Атлантас» тансық үдым емес. Алдымен дәл осы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде литвалық команда қарағандылық «Шахтерге» есе жіберсе, 2014 жылы маусым алдындағы оқу жаттығу жиындарында «Қайратпен» күш сынасқан. Жолдастық кездесуде 1:0 есебімен алматылық ұжым қасыласын тізе бүктірген еді. Енді арада үш жыл өткенде қос команда ресми матч өткізбек. Дәл қазіргі таңда «Қайраттың» қарымы мықты. Алайда «Атлантас» та оңай шағылатын жаңғақ емес. Қазақстандық командалның қапы қалдыруға дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер