Футбол

Еуропа лигасы: «Ертіс» жеңіске жетті. ВИДЕО

Еуропа лигасы: «Ертіс» жеңіске жетті. ВИДЕО
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қазақстандық «Ертіс» пен болгариялық «Дунав» командалары арасындағы ойын біздің жерлестердің жеңісімен аяқталды.

Кездесудің алғашқы минуттарында, дәлірек айтқанда ойынның бесінші минутында қазақстандық команда шабуылшысы Игорь Бугаев есеп ашты. Осы есеп ойын соңына дейін сақталды. Кездесу барысында павлодарлық команданың есепті еселейтін бірнеше мүмкіндігі болғанымен сәттілік жетіспеді.

«Ертіс» (Павлодар, Қазақстан) — «Дунав» (Русе, Болгария) 1:0 (1:0)

Гол: Бугаев 5 (1:0)

Ескерту алғандар: Фофана 19, Дарабаев 63

«Ертіс»: Лория, Кислицын, Дарабаев (Жұмасқалиев 90+3), Родриго, Фофана (Гетериев 64), Джа Джедже (Калинин 64), Даутов, Живкович, Фонсека, Маслач, Бугаев

«Дунав»: Антонов, Петков, Патев, Аяс (Станоев 67), Карагарен (Ненов 74), Будинов, Шопов (Георгиев 89), Димов, Милчев, Хубчев, Костадинов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер