Айна Теміртасова Азия чемпионатында топ жарды
Тайпейдің Тайчунг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде.
Бұған дейін грек-рим күрес шеберлері екі күміс, үш қола медаль еншілеп, жалпы есепте екінші орында аяқтаған еді. Бүгін еркін күрес шеберлері мен жас аруларымыз сайысқа түсті.
Отандасымыз Айна Теміртасова (63 кг) финалдық бәсекеге жолдама алып, жапониялық Мисузу Еномотомен күш сынасты. Финалда жерлесіміз қарсыласын 5:3 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.
Осылайша, күрес түрлерінен жастар арасындағы құрлық чемпионатында алғашқы алтын медальды Айна Теміртасова еншіледі.
Естеріңізге салайық, жерлесіміз Дархан Қалкенов (50 кг) Азия чемпинатының күміс жүлдегері атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или