Грек-рим күрес шеберлері Азия чемпионатын абыроймен аяқтады
Бүгін Тайпейде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында грек-рим күрес шеберлері үшін жарыс аяқталды.
Жарыстың екінші күні 50 және 120 келі салмақ дәрежелерінде балуандар сайысқа түскен еді. 50 келіде ел намысын Алпамыс Дастанбек абыроймен қорғап, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жерлесіміз алғашқы кездесуінде жапониялық балуаннан басым түсті, ал жартылай финалда үнді спортшысынан айласын асырды. Финалдық бәсекеде Алпамыс ирнадық балуаннан 1:2 есебімен ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты.
Ал 120 келідегі Антон Савенко үшінші орын үшін белдесуде жарақат алып, белдесуді жалғастыра алмады.
Естеріңізге салайық, еліміздің қоржынына күміс медальды 66 келіде Мерей Бекенов пен 50 келідегі балуанымыз Алпамыс Дастанбек алып келді, ал қола медаль иеленгендер: 55 келі Ернұр Фидахметов, 96 келі Олжас Сырлыбай және 84 келідегі<span> </span>Санжар Темірбек.
<span>Осылайша, грек-рим күресінен жастар құрамасы Азия чемпионатында екі күміс, үш қола медальмен құрлық жарысын абыроймен аяқтады.</span>
<span>Айта кетейік, бүгін жас қыздарымыз жарыс жолын бастады.</span>