Боченски мансабын аяқтауы жайлы пікірін айтты

Боченски мансабын аяқтауы жайлы пікірін айтты

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Брэндон Боченски жанкүйерлерге өз үндеуін жазды.

«Осы отыз жыл бойы мені және отбасымды қолдаған жандарға алғыс айтамын. Сіздерді Құдай жарылқасын! Мансабымның арқасында бүкіл әлемді шарладым. Жетістікке жеткеннен көрі, сүрінген сәттерде көп нәрсе үйрендім. Енді өмірімдегі жаңа тарауды бастаймын және жаныма жақын адамдармен көп уақыт өткізетініме қуаныштымын», - деп жазды Боченкси.

Айта кетейік, кеше Боченски хоккейші мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. Ол «Барыс» сапында 2010-2017 жылдар арасында өнер көрсетті. Қазақстан құрамасында 15 матчқа қатысты. Боченски ҚХЛ-дағы ең нәтижелі легионер саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или