Брэндон Боченски мансабын аяқтады

Брэндон Боченски мансабын аяқтады

«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Брэндон Боченски үлкен спортпен қош айтысты. 

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз-қызметі хабарлады. 

Ұзақ келіссөздерден кейін Қазақстан азаматтығы бар америкалық хоккейші мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. 

Брэндон өз отбасына көп уақыт бөлгісі келетінін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетсек, Боченски «Барысқа» 2010-шы жылы ауысқан болатын. Жеті жыл ішінде 35 жастағы хоккейші 397 (160+237) ұпай жинады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или