Дамир Рыспаев ММА-ге ауыса ма?

Дамир Рыспаев ММА-ге ауыса ма?

Fight Nights ұйымының бас продюсері Камил Гаджиев «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Дамир Рыспаевты ММА-де көргісі келетінін айтты. 

- Дамирдің өзімен сөйлесуге мүмкіндік болмады. Бірақ ортақ таныстарымыз арқылы оған ұсыныс тастадық. Онымен көзбе-көз кездессем, Дамирді көндірер едім. Жақында Қазақстанға аттанамын, Рыспаев сонда болса, міндетті түрде онымен әнгімелесіп қайтамын. Менің ойымша, Дамир бір күні ММА-ге ауысады. Оны Қазақстанда жақсы таниды. Ал біз бұл елде кем дегенде екі жекпе-жек кешін ұйымдастырамыз. Әрине, мен хоккейдің де жанкүйерімін. Рыспаевты «Барыс» сапында да көргім келеді. Бірақ оның ҚХЛ-дан шеттетілу мәселесін шеше алмаймын. Есесіне, Fight Night ұйымында оған жол ашық. 

Рыспаевтың өзі болса хоккейде қалғысы келетінін айтып, келесі маусымды Солтүстік Америкада бастауы мүмкін екенін мәлімдеді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или