ҚХЛ-да алматылық клуб пайда болуы мүмкін

ҚХЛ-да алматылық клуб пайда болуы мүмкін

Лига президенті Дмитрий Чернышенко журналистермен кездесуде Алматы қаласынан хоккей клубы ҚХЛ-ға қосыла алатынын айтты.

- Біз бұл тақырыпты Асқар Сейдахметұлы мырзамен талқыладық. Қазақстан - үлкен спорттық держава. Сондықтан осы лигада Қазақстаннан екінші клуб қосылу керек екеніне көз жеткіздік. Жасыратын ештеңе жоқ, біз расында лиганы шығыс елдеріне танытқымыз келеді. Бұның сәтті сыласы ретінді «Куньлунь» клубын айтуға болады. Олар өздерінің бірінші маусымында плей-офф кезеңіне дейін жеткен. Қазақстанда дарынды ойыншылар жеткілікті. Сондықтан Алматыдан клуб жасақтауға тамаша мүкіндік туып отыр. Бәріміз бұл сұрақты әлі де болса талқылаймыз.  «Алматы» хоккей клубы лигаға ұсыныс тастаса, біз келіссөзді бастауға дайынбыз, - деді Чернышенко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или