Владимир Кличко Энтони Джошуаны өзі дайындаған екен

Владимир Кличко Энтони Джошуаны өзі дайындаған екен

Ғаламторда Владимир Кличконың жас Энтони Джошуаға кеңес беріп жатқан видеоролигі жарық көрді.

Бұл осыдан үш жыл бұрын болған жайт көрінеді. Ол кезде жас Энтони Джошуа Владимир Кличконың спарринг серіктесі болған. Сол тұста атағы жер жарып тұрған  Владимир Кличко араға үш жыл салып дәл осы Энтони Джошуадан оңбай таяқ жейтінін білмеген болар. <br /><br />Естеріңізге салсақ, 2017-ші жылдың 29-шы сәуірі  күні Лондонда өткен Владимир Кличко мен Энтони Джошуа арасындағы IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салған бокс кешінде Энтони Владимирді 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен болатын.

Қос боксшы да Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге қол жеткізген.

Кәсіпқой бокста Кличко 64 рет жеңіп (53 - нокаут) бес рет жеңілген.

Ал Джошуа болса 19 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или