Джошуа Кличконы жеңді

Джошуа Кличконы жеңді

Лондонда ауыр салмақтағы IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салған Энтони Джошуа мен Владимир Кличко арасындағы кездесу аяқталды.

Жекпе-жек он бір раундқа созылды. Кездесудің орта тұсында екі боксшы накдаунмен алмасқан болатын. Ал он бірінші раундта Джошуа Кличконы екі рет накдаунға жіберді. Төреші бұдан әрі қарай кездесуді жалғастырудың реті жоқ деп шешіп, жеңісті Джошуаға берді.

Лондондағы Уэмбли стадионында өткен бокс кеші 90 мың жанкүйер жинады.

Ендігі кезекте 27 жасар Джошуаның еншісінде 19 жеңіс(бәрі нокаутпен) бар. Оның әлі кәсіпқой рингте жеңілмегенін де айта кетейік.

Ал 41 жасқа келген Кличко болса кәсіпқой бокста 64 рет жеңіп (53 - нокаут) бес рет жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или