Головкин: Бокс үшін бұл жекпе-жек керек

Головкин: Бокс үшін бұл жекпе-жек керек

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегі жарияланған кезде не сезінгенін айтып берді.

«Мен кездесуді мұқият бақыладым. «Канелоның» қарсыласын оңай жеңуге тырысатынын білдім және өткен жылдағыдай «Мен Чавесті жеңдім, GGG, сені де жеңемін», - деген сөз айтады деп ойладым.

Аренадағы атмосфераны көріп, бұл менің арманым екенін сезіндім. Бәрі бұл жекпе-жектің болғанын қалайды. Енді мен және ол ғана бар. Бокс үшін бұл айқас керек», - деп оның сөзін Los Angeles Times жеткізді.

Естеріңізге сала кетейін, Альварес пен кіші Чавес арасындағы <span class="FullNameGroup">жекпе-жектен кейін Головкин мен «Канело» арасындағы кездесудің қыркүйекте өтетіні ресми түрде жарияланған болатын. Сонымен қатар, боксшылар көз арбасу рәсімін де жасап үлгерді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или