Қамшыбек Қонқабаев финалда өзбекстандық боксшыдан ұтылды

Қамшыбек Қонқабаев финалда өзбекстандық боксшыдан  ұтылды

Азия чемпионатының соңғы жарыс күні ауыр салмақта жеңімпаз анықталды.

+91 келі салмақта жұдырықтасатын жерлесіміз Қамшыбек Қонқабаев финалдық бәсекеде өзбекстандық   Баходир Джалоловпен күш сынасты. Айта кететін жайт, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов финалда Гиясовтан ұтылғаннан кейін барлық үміт Қамшыбекте болған еді.

Қазақстандық былғары қолғап шебері кездесуді айқын басымдықпен бастаса да, қарсыласының соққыларын жіберіп отырды. Нәтижесінде жарыс қожайыны Баходир Азия чемпионы атанып, Өзбекстан құрамасының қанжығасына тағы бір алтын байлады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бір алтын, үш күміс, төрт қола медаль иеленіп, жалпы есепте екінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или