Василий Левит – Азияның үш дүркін чемпионы

Василий Левит – Азияның үш дүркін чемпионы

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит үшінші рет Азия чемпионы атанды.

Ташкентте өтіп жатқан құрлықтық додада Левит 91 келі салмақта ақтық сынға өткен болатын. Финалда отандасымыз үндістандық Сумит Сангванмен қолғап түйістірген.

Василий шаруаны кейінге қалдырмай, алғашқы секундтан-ақ шабуылға ұмтылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша Левит Сангваннан басым түсті. Есеп – 5:0.

Осылайша, Василий Левит Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2009 және 2015 жылдары құрлықтық додада топ жарған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін 81 келіге Ерік Әлжанов өзбекстандық Бектемир Меликузиевтен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или