Ерік Әлжанов финалда сүрінді

Ерік Әлжанов финалда сүрінді

Бүгін бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.

Ақтық сынға төрт отандасымыз шыққан. Біздің боксшылардан Ерік Әлжанов рингке бірінші болып шықты.

81 келіде сынға түскен отандасымыз финалда өзбекстандық Бектемир Меликузиевпен күш сынасқан. Қос боксшы да ә дегеннен алға ұмтылып, ашық жұдырықтасты. Өкінішке қарай, төрешілер үш раундтан соң жеңісті өзбекстандық боксшыға берді. Есеп - 5:0. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или