Сауль Альварес: Чавеспен жекпе-жек алдында Головкинді ойламадым

Сауль Альварес: Чавеспен жекпе-жек алдында Головкинді ойламадым

Мексикалық боксшы Сауль Альварес отандасы кіші Хулио Сезар Чавесті жеңген соң, баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Головкиннің Джейкобспен кездесуі ме? Бұл екеуінің стильдері үшін ауыр жекпе-жек болды. Головкинмен жекпе-жекке келісім-шартқа қол қойып қойған соң, маған Чавеске көңіл бөлу қиын болды ма? Басқа нәрсені ойлаған адамға ұқсаймын ба?», - деді Канело.

Айта кетейік, бүгін Сауль Альварес отандасы кіші Хулио Сесар Чавесті<span> </span>төрешілер шешімімен жеңген болатын. Кездесуден соң Альварес пен Головкин<span> </span>жекпе-жек өткізетіні<span> белгілі болды. Кездесу 16 сәуірде өтеді.  Сондай-ақ, боксшылар </span>алғашқы көз арбасу рәсіміне қатысты. 

Сонымен қатар, Геннадий Головкин де алдағы ең маңызды жекпе-жегі жайлы пікірін айтқан болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или