Геннадий Головкин Сауль Альвареспен жекпе-жегі жайлы ойын айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы алдағы жекпе-жегі жайлы пікірін білдірді.
«Бұл екеуіміз үшін де ауыр жекпе-жек боларын бәрі түсінеді. Баршамыз үшін тамаша кездесу болмақ. Әрине, мен «Канелоның» командасын құрметтеймін. Бәрі де осы жекпе-жекті қалады», - деді Головкин.
Айта кетейік, бүгін Сауль Альварес отандасы кіші Хулио Сесар Чавесті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Кездесуден соң Альварес пен Головкин жекпе-жек өткізетіні белгілі болды. Кездесу 16 сәуірде өтеді. Сондай-ақ, боксшылар алғашқы көз арбасу рәсіміне қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или