Головкин Альвареспен өтетін жекпе-жекте барлық белбеуін сарапқа салады
Орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) қыркүйекте өтетін мексикалық Сауль Альвареске (49-1-1, 34 КО) қарсы кездесуде барлық титулы сарапқа салынады.<br /><br /><span>Boxrec.com порталының хабарлауынша, қазақстандыққа тиесілі барлық төрт белбеу бәске қойылмақ. Айта кету қажет, бұл сайттың тұжырымы бойынша аталмыш жекпе-жекке бес жұлдыз қойылған.</span>
Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Альварес пен кіші Чавес жекпе-жегінен кейін Головкин рингке көтеріліп, қыркүйек айында мексикалық боксшымен жұдырықтасатынын растаған болатын. Кездесу соңындағы баспасөз мәслихатынан кейін алғашқы көз арбасу рәсімі де өтті. Супер жекпе-жек 16-шы қыркүйекте, Мексиканың Тәуелсіздік күніне қарай өтеді. <br /><span />